«Асыл бөбек» арнайы балабақшасы Қазақстан Республикасы қаулысының №107-37 негізінде 2012 жылғы 12 қаңтарда ашылған.
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі қызметі – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы тәрбие мен білім беру, олардың жеке дамуына қолайлы жағдай жасау және қоғамға бейімдеу.
Балабақшада тәрбиеленушілердің жалпы саны – 156 бала. Тәрбиеленушілердің жасы 3 жастан 7 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Ақмешіт көшесі, 5/1 ғимараты.
Мекеме балалармен аптасына толық бескүндік жұмыс тәртібімен 10,5 сағат бойы жұмыс жасайды.Жұмыс уақыты:07.30 дан 18.00 дейін.
Мекеменің мақсаты:мектепке дейінгі жастағы ерекеше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу,балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту,олардың дене шынықтыру, интеллектуалдық және өнегелік қасиеттерін дамыту,түзеу-педагогикалық және емдік-сауықтыру көмегін көрсету болып табылады.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1) баланың рухани және физикалық мүмкіндіктерін ашу;
2) салауатты өмір салты мен өнегелік нық негіздерін қалыптастыру;
3) азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тұлғаның отбасының, халықтың, коғамның және мемлекеттің алдындағы құқығы мен міндеттерін сездіру;
4) баланы жан-жақты дамыту, оның даралық, шығармашылық әлеуметін қалыптастыру үшін өз мәдениетінің қайнар көзін, ұлттық салт-дәстүрле білуге баулу үшін жағдай жасау.
5) балалардың танымдылық, физикалық белсендігіне ықпал ететін, олардың бойындағы қабілеттерін толық ашу және қажеттілігін іске асыру;
6) жеке адамның бағдарлы карым-қатынасы қағидаттарында өмірлік іс-әрекетінің қажетті дағдысын тәрбиелеу;
7) жаңа нысандар мен әдістер іздестіру ортасын құру;
8) балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
9) тәрбиеленушілердің ерекше психофизикалық дамуын ескере отыр оқыту және тәрбиелеуге, түзетулік және әлеуметтік адаптацияға, жалпы емделуге жағдай жасау;
10) жеке түзеу-дамыту бағдарламасын іске асыру;
11) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды біріктіру мақсаты кешенді психологтік-педагогикалық көмек көрсету;
12) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
13) отбасы жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (басқа заңды өкілдерге) кеңес беру және оларды оқыту.
Қабылданатын балалар санаттары
Балабақшаға ерекше білім беруді қажет ететін келесі санаттағы балалар қабылданады:
1.тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар :жеке қозғала алатын және жеке күтім талап етпейтін; арнайы қозғалыс құралдарының немесе техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдардың көмегімен қозғала алатын балалар;балабақшаға баруға мүмкіндік беретін арнайы жағдайлармен қамтамассыз еткен жағдайда дербе қозғала алмайтын балалар.
2.психикалық дамуы тежелген балалардың шығу тегі әр түрлі,оның ішінде кохлеарлық импланты бар,балалар аутизмі;
3.сөйлеу қабілеті бұзылған балалар:сөйлеу тілі дамуының тежелуі бар;алалия,афазия,дизартрия,ринолалия,тұтығуының салдарынан 1-3 денгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамуы бар;кохлеарлық имплантент;бастапұыда зердесі сақталған балалар аутизмі,аутистік спектрдегі бұзылыстары мен сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар.
Ұйым құрылымы
Балабақшада 13 топ жұмыс істейді. Әр топта балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейіне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстары ұйымдастырылады.
Мекемеде балалардың жан-жақты дамуына бағытталған түзету-дамыту жұмыстары, психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ арнайы мамандардың (логопед, дефектолог, психолог) қызметі қамтамасыз етіледі.
Балабақшада заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері, ойын және дамыту орталықтары жұмыс істейді.
Балабақша меңгерушісі туралы мәлімет
Атаканова Сауле Калиевна – «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының меңгерушісі.
Туған күні: 1971 жылғы 8 наурыз.
Педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл.
Басшы ретінде еңбек өтілі:10 жыл,Басшы-ұйымдастырушы.
Білімі: жоғары. 2017 жылы
KZ
